17.03.2022, 10:50
Оқылды: 75

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» 

Казталов ауданында діни ахуал тұрақты болғанымен, жат ағымға ергендер есігімізді қақпайды деген сөз емес. Сондықтан, біз олардың жолын кесіп, буыны қатайып келе жатқан жастарымызды жаман жолдан сақтап, алдын алуымыз қажет. Осыны ескерсек, ол үшін ең алдымен ақ пен қараны ажырата білуге діни сауатымызды ашып, жетілдіру маңызды. 

275665380_1295189420890943_8440329160734944763_n

Жат ағымнан сақтану, жастардың бойында деструктивті ағымдарға қарсы иммунитетті арттыру мақсатында бүгін ауданымызға «Аманат-Жайық» және «Ақниет» қоғамдық қорының теологы, РАТТ мүшесі Назгүл Медерқызы Данаева мен «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Гүлім Қайратқызы Сатыбалды ауданымызда болып, мектеп оқушыларымен және әйелдер жамағатымен жүздесті.

275923832_1295189294224289_8601736912849452278_n

Кездесуде асыл дініміздің қасиеттерін түсіндіріп, ұлттық құндылықтар жайында мазмұнды әңгімелер айтып, сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ әйел затының міндеті, қоғамдағы және отбасындағы орны, көркем мінездің қасиеті, жүректің тазалығы жайлы уағыз-насихат жүргізді.

275948215_1295189480890937_5636036939986296310_n

Рухани кездесуге ұйытқы болған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Уәлиоллақызы ұстаздарға ризашылық білдіріп, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың атынан алғысхат табыстады.

«Ауыл айнасы» газеті редакциясы,

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале