4.04.2024, 14:45
Оқылды: 62

Ел чемпионатынан қос жүлде жеңіп алды

Жуырда Таразда өткен спорттық самбо және жауынгерлік самбодан өткен ел чемпионатынан Бәйтерек ауданының аруы Айсұлу Сәрсенова олжалы оралды.

IMG-20240404-WA0037

2004-2005 жылдары туған жастар арасында болған жарыста республикамыздың барлық өңірінен келген 18 команда сапында 450 балуан бақ сынады.

Облысымыздың атынан 16 спортшы боз кілемге шықса, олардың жартысы бұрымдылар. Арасында жерлесіміз, дарияндық Айсұлу Сәрсенова да бар. 80 келіден жоғары салмақта күрескен Айсұлу жауынгерлік самбодан алтыннан, спорттық самбодан күмістен алқа тақты. Жалпы ақжайықтық арулар намысты қолдан берген жоқ.

IMG-20240404-WA0039

Қоржынға жауынгерлік самбодан төрт алтын, бір күміс, екі қола, спорттық самбодан бір күміс, бір қола түсті. Сөйтіп жауынгерлік самбодан облысымыздың құрамасы үздік болды. Оған бәйтеректік балуан бойжеткеннің қосқан үлесі көп.

Айта кетейік, Айсұлу бұл спорт түрімен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейінгі басты арманы - ел чемпионы болу еді, бұл сайыста сол арманына жетті. Енді ол Азияданы бағындыруды мақсат етіп отыр.

 

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале