21.08.2025, 9:30
Оқылды: 321

Ел қорғаны – ер азаматтың қасиетті борышы

Казталов ауданында он күнге созылған арнайы-техникалық оқу-жаттығу жиынының жабылу салтанаты өтті. Бұл жиын Батыс Қазақстан облысы әкімінң 2025 жылғы 19 ақпандағы №5 қаулысына сәйкес ұйымдастырылып, Казталов ауданы қорғаныс жөніндегі бөлімі бойынша 103 әскери міндетті, оның ішінде 11 офицер және 92 солдат сержант, сонымен қатар Жәнібек ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша 103 әскери міндетті, оның ішінде 11 офицер және 92 солдат сержанттар сап түзеп, жауынгерлік дайындықтарын шыңдады.  

WhatsApp Image 2025-08-21 at 10.30.28

Жиынның мақсаты – әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығын арттыру, тактикалық және инженерлік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ стратегиялық нысандарды қорғау мен диверсиялық қауіптерге қарсы іс-қимылдарды пысықтау болды.

image-21-08-25-08-03-1

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, БҚО әкімінің көмекшісі полковник Мақсат Мұқанов, Орал гарнизонының бастығы полковник Расул Закиров ел қорғанысы – әр азаматтың басты борышы екендігі, осындай күрделі әрі жауапты міндетті абыроймен атқарғандықтарын, еліміздің қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңе алғыстарын білдірді.

image-21-08-25-08-03

Он күндік оқу-жаттығу барысында 206 әскери міндетті офицерлер мен сержанттар сапқа тұрып, әскери дайындықтарын күшейтті. Олар теориялық білімдерін тәжіриемен ұштастыра отырып, атыс дайындығы, инженерлік тосқауылдарды орнату, барлау және күзет қызметтері бойынша шеберлік сабақтары, медициналық, саптық және байланыс жаттығулары, аумақтық қорғаныстарды ұйымдастыру, болды. Жауынгерлер атыс қаруымен жұмыс істеу, саптық дайындық, қарсыластың шабуылына тойтарыс беру, стратегиялық нысандарды күзету сынды түрлі жаттығулармен айналысты.

Салтанатты рәсімде үздік нәтиже көрсеткен әскери міндеттілерге алғысхат табысталды.

- «Мен Жәнібек ауданынан келіп, осы оқу-жаттығуға қатыстым. Бірінші күннен бастап әскери тәртіп пен қару қолдану дағдыларымызды еске түсіріп, атыс машықтарын қайтадан пысықтадық. Қайыңды ауылындағы атыс полигонында жаттығу жұмыстарын жүргіздік. Бұл жиын — елімізге қауіп төнген жағдайда әрбір азаматтың дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған өте маңызды шара», — дейді аға сержант, 8-батальонның сержанты Медет Талапұлы.

Казталов ауданында өткен он күндік арнайы оқу-жаттығу жиыны әскери міндеттілердің Отан алдындағы жауапкершілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтқан болатын. Жиынға Жәнібек ауданынан қатысып отырған қатардағы жауынгер Ерік Есенғалиев бұл шараның мән-маңызын ерекше атап өтті:

- «Он күндік оқу-жаттығуда өз міндетімді толық атқардым. Жәнібек ауданынан қатысып отырмын. Жаттығу кезінде 17 жыл бұрын әскерде алған әскери дайындықтарымды қайта еске түсірдім. Бұл жиын бізге жауапкершілік пен тәртіпті тағы бір сезінуге мүмкіндік берді. Оқу-жаттығу жиыны барысында әскери міндеттілер саптық дайындық, қарумен жұмыс істеу, тактикалық іс-қимылдар және полигонда атыс машықтарын меңгерді. Мұндай шаралар бейбіт күнде де Отан алдындағы борышты ұмытпауға, ел қорғаны болуға даярлықтың нақты көрінісі болды. Ел басына күн туса, қызмет етуге әрқашан дайынмын. Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», — деді ол.

Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылынан келген Нұрлан Едігеев жаттығудың мәні мен берер тәжірибесін ерекше атап өтті:

- Казталов ауданында өткен он күндік арнайы-техникалық оқу-жаттығу жиыны аяқталып, қатысушылар өз ауылдарына оралуда. Бұл жиын сарбаздардың әскери шеберлігін арттырып қана қоймай, ел алдындағы азаматтық жауапкершілігін де тереңдетті. Жау жағадан келген уақытта сарбаздар алдыңғы шептің қатарында тұратынына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Жиын барысында әскери міндеттілер саптық, атыс, тактикалық және инженерлік дайындықтан өтіп, ел тыныштығын күзетуге дайын екенін көрсетті. Осыдан бес жыл бұрын да қару атып, полигондық аймақта түрлі жаттығулар жасаған едім. Бұл жолы да бәрі еске түсіп, тәжірибемді жаңарттым. Өте жақсы әсер алдым, елге рухтанып қайтып бара жатырмыз.», — деді ол.

image-21-08-25-08-03-3

Бұл жиын – патриоттық рухты күшейтіп қана қоймай, ел қорғаныц болатын ерлердің дайындығын нығайтқан маңызды тәжіибе алаңы болды.

 

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале