Дауыс беру процесі жалғасуда. Талапқа сай ұйымдастырылған референдумда комиссия мүшелері аудан халқын қарсы алып, әрбір көше тұрғынының дауыс беруіне жағдай жасауда.
Олардың қатарында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы да бар. Қарқынды дауыс беру барысында қызметкерлер өз таңдауын жасап, референдумның әділ әрі ашық өтуіне үлес қосты. Сондай-ақ, белсенді тұрғындардың қатарында Есенғалиевтер жанұясы да бар.

Ерлі-зайыптылар дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп, өз таңдауын жасау үшін учаскеге келді. Кішкентайларын қолынан жетектеген қалпы есіктен аттаған жас отбасы болашағымызға байланысты әр жиынға ат салысу азаматтық борышымыз деп біледі. Ұлттық құндылықты насихаттап, қазақилығын бойына дарыта білген жанұя - көпке үлгі.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы