29.11.2019, 21:48
Оқылды: 26

«Ел тірегі – Елбасы»

Осындай атаумен Тасқалада Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі А.Халелов арнайы қатысты.

концерт (3)

Алғаш болып сөз алған аудан басшысы Алдияр Сансызбайұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

-Бүгінге дейін еліміз небір ауыр да қиын күндерді басынан өткерді. Соның біріне қарамастан, халқымыз байтақ жерін сақтап, тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақстанның әлемдегі биік тұғырдағы орны Елбасының ерен еңбегімен тығыз байланысты. Баршаңызды осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын,- деді.

Шара барысында «Қиялдан» үлгілі би ансамблінің жетекшісі Мирамгүл Дюсингалиева ҚР «Мәдениет майталманы» төсбелгісімен марапатталды.

концерт (5)

Сахнаға көтерілген «Облыстық ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігі кеңесі төрағасының орынбасары М.Кульманов аудан әкімі А.Халелов пен меценаттарға алғыс хаттар табыс етті. Олардың қатарында «Эмир-Али» шаруа қожалығы басшысы А.Мұрзағалиев, «Өмірбек» шаруа қожалығы басшысы Ө.Хангереев пен «Қайленов» шаруа қожалығы басшысы С.Қаленов бар.

Мұнан соң мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мамандар ант берді.

Болат Бек

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале