24.03.2021, 16:51
Оқылды: 140

«Ел тірегі – Елбасы» Бәйтеректе

Биыл еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайды. Осы бір айтулы датаға орай «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» акциясын бастады.

746B3DC7-01DB-4B59-B39C-D43699CF328A

Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында қолға алынған ірі науқан мақсаты — Сovid-19 пандемиясы мен карантин салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету. Бүгінде азаматтық белсенділік танытқан қор еліміздің түкпір-түкпіріндегі аз қамтылған, көпбалалы және ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын дайындады. Жалпы қор 15000-нан астам азық-түлік себеті дайындалыпты. Әр себеттің салмағы 50 келіден асады. Ішінде ең керекті деген азық-түлік салынған.

5C2DF0B5-243D-4BD8-9918-E16FF135E59E

Қазіргі таңда азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде таратылуда.

«Халық» қорының себеті Бәйтерек ауданына да жетті. Ауданның 82 отбасына беріледі деген себеттерді округ әкімдіктері мен жергілікті волонтерлар әр отбасыға жеткізді.  

F034AAD4-0596-41EC-B77B-8A036B580933

Қиын шақта ел қамқорлығын сезінген отбасылар волонтерлар мен қор белсенділеріне ризашылықтарын білдіруде.

«Халық» қайырымдылық қоры аталған акцияны бірнеше рет өткізуді жоспарлаған. Осыған орай, бизнес өкілдерін күш біріктіруге және «Ел тірегі — Елбасы» акциясына қосылуға шақырады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале