22.10.2022, 9:46
Оқылды: 44

 «Ел үлесі – пәтерге»

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен Зекет қорының бастамасымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы еліміз бойынша өткізіліп келе жатқан қайырымдылық шарасының бірі. Бұл жобаның мақсаты - көпбалалы және мұқтаж отбасыларға баспана алып беру. Игі бастама республика бойынша жалғасын тауып, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының мешіті жанынан имамдарға екі пәтерлі үй салынған болатын. Бүгінде үй құрылысы аяқталып, қасиетті жұма күні қос бірдей баспананың кілтін табыстау салтанаты болды. 

мешіт 2

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қорының қызметкері Темірбек Пернебекұлы және Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас имам Бақытжан Сабралиев құттықтау сөз сөйледі.  Осы игі іске өз үлестерін қосқан азаматтарға алғысхат пен Құран кітап сыйға тартылды.

Бақытжан Сабралиев республика бойынша 599-пәтердің кілтін Азамат имамға, ал 600-пәтердің кілтін Жасқайрат имамға табыстады. Сондай ақ, «АқсайГазСервис»  АҚ да өздерінің атынан пәтер иелеріне сыйлықтарын берді.

мешіт 3

«Бүгін мерекелі күн болып жатыр. Осы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында мешітте қызмет жасап жүрген діни қызметкерлерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 599, 600-шы қызметтік баспана беріліп жатыр. Осы істің басы-қасында болған барша ағайынға алғыс білдіреміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының үлкен алғысын жеткізгіміз келеді. Осы істің басы-қасында жүрген өңірдің  имамдарына және қызметкерлерінің баршасына істеріне береке берсін. Аудан басшылығына да өзіміздің атымыздан шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Елімізде әрбір мұқтаж жан, әрбір қазақ баспаналы болатын күнге жетейік. Облыс бойынша осының алдында он шақты баспананыың кілті тапсырылды. Әлі де алдағы уақытта осы жоба жалғасын табады», - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас имам Бақытжан Құралбайұлы.

мешіт 1

«Аудандық мешіт ғимаратында имам- ұстаздарға арналған екі пәтердің құрылысы аяқталып, бүгін үйдің кілтін табыстап жатыр. «Бәйтерек» компаниясы осы құрылыстың салынуына және ішіне тұрмыстық техникаларын алуға компания есебінен  әлеуметтік көмек көрсетіп, бүгін осындай бір жақсы істің куәгері болып жатырмыз. Пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтаймын», - деді "Ақсай MARKET" ЖШС директоры Алмат Жұмабеков.

                                               Айдана Ерболқызы,

Бөрлі ауданы

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале