Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов белгілі айтыс ақыны Бауыржан Ширмединұлын қабылдады.
Бауыржан осы айда Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысының Қарақол шаһарында дала данагөйлері Садыр әке мен Қыдыр әке құрметіне арналған қазақ-қырғыз ақындары арасында «Улутум басты улуу жол, улуктардай бийик бол» атты еларалық айтыста жүлделі І орынды иеленіп, қазақ өнерінің жалауын Алатаудың арғы жағында да желбіреткен еді.
Бұдан бөлек, әріптесіміз Түркістан қаласында Адамзаттың асылы, қос дүниенің сардары Мұхаммед пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арналған республикалық тұңғыш жыр сайысында ІІ орынның иегері атанды.
Жұмагелді Батырниязов айтыскерге шығармашылық табыс, ауыз әдебиетінің алтын топсасы - айтысты дамыту жолында ерен қайраткерлік тіледі.
Әкім ақынға жүлдесінің сүйіншісі ретінде жерлестерінің атынан қаржылай сыйақы табыс етті.
Айта кетейік, Бауыржан Ширмединұлы - қазақ айтысының қайқы қылышы, батыс ақындарының бас бапкері, көрнекті ақын Бауыржан Халиолланың шәкірті.
zhaikpress.kz