Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев «Мың бала» байқауының жеңімпаздарына «Елбасы Академиясы» қоры ұсынған ноутбуктарды табыстады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасын іске асыру аясында алғаш рет республикада ауыл мектептерінің оқушылары арасында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасын өткізген болатын.
Олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңі 2020 жылғы 24 ақпаннан бастап 5 наурызға дейін ұйымдастырылды. Оған республикадағы ауыл мектептерінен 295 мың 5-6 сынып оқушылары қатысты. Оның нәтижесі бойынша 5 мың қатысушы екінші кезеңге іріктелді.
Олимпиаданың нәтижесінде 1000 озат оқушы оза шапты. Қазір олар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge oqy» онлайн мектептерінде оқуын жалғастыруда.
Сол балалардың арасынан біздің ауданнан 5 оқушы жүлдегер атанды.
Атап өтсек Серіков Адият Айзатұлы, Нәсіпқали Мадияр Рашитұлы, Жакен Жанерке Талғатқызы, Базарбаева Замира Ернұрқызы, Мұрадымқызы Гүлназ жүзден жүйрік шықты.
- Бүгінгі кездесуге қатысып отырған ата-аналар, Сіздерге балаларыңыздың қабілетін шыңдауда көрсеткен табандылықтарыңыз үшін, ал балалар, Сіздерге білімнің биік шыңын бағындырудағы жетістіктеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін, - деіді аудан әкімі Жанат Асантаев.
Маралбек Амантаев,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz