11.10.2021, 14:38
Оқылды: 35

Елбасы тестін сәтті тапсырды

Орал қаласында ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы тестілерін тапсырудан облыс чемпионаты өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған көпсайыс бәсекесінің көркін өңірдің барлық аудандары мен Орал қаласының спортшылары қыздырды.

C26E9C42-A547-42EF-AD77-7A0737507064

Бірнеше жас ерекшелігі бойынша өткен жарыста Бәйтерек ауданының намысын қорғаған нәзік жанды спортшылар сәтті өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, қыздар арасында Надежда Беспалова,  Наталия Панова, Виктория Глотова және Маргарита Никифоровалар бірінші орын иеленсе, Дамира Ерсайынова, Валентина Мищенко және 70 жастан жоғары спортшылар сынында өнер көрсеткен Надежда Аракелова екінші, Елизавета Кузьменко мен Галина Сурукпаева үшінші нәтиже көрсетті.

Ерлер де намысты қолдан бермеді. Жарыс жолына шыққан Артем Градинар үшінші, Жарас Айтуаров пен Асылбек Қамиев екінші орынға ие болды. Ал барлық сында үздік болған Ақылбек Қабдолмәжит пен Иван Юнусов облыс чемпионы атанды.

Осылайша аудан спортшылары жалыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

-Бірнеше спорт түрін біріктірген Елбасы тестісін тапсыру оңай емес. Аудан спортының намысын жықпаған барлық оғландарға ризамын. Енді үздіктер ел чемпионатында бақ сынайды,-дейді "Бәйтерек" спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале