16.02.2017, 14:14
Оқылды: 62

Елбасы Жолдауын түсіндірді

Құрамында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев, «Жас Отан» Жастар қанатының БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев бар облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Ақтау ауылында болып, тұрғындарға Елбасы Жолдауын түсіндірді.


Басқосу барысында бірінші боп сөз алған Аян Сакошев өскелең ұрпақтың ертеңі үшін жасалып жатқан жағдайларды кеңінен шолып шықты. Әсіресе, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биылдан бастап көп мүмкіндіктер ашылып отырғанын жастарға жеткізіп айтты. Соның ішінде жаппай кәсіптік білім беру мәселесі бойынша көптеген жоспарлар жүзеге асырылуы үшін барша халық белсенділік танытып, берілген мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану керектігін тілге тиек етті.

Ізінше мінбеге көтерілген Нұрғали Қаршығаұлы да жастар белсенділігін арттыру жолында көптеген жұмыстар атқарылатындығы жөнінде тұшымды ой білдірді.

Жиын аяқталған соң, облыс орталығынан келген қонақтар хоккей алаңында балалардың ойынын тамашалады.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале