21.02.2017, 10:55
Оқылды: 46

Елбасы Жолдауын түсіндірді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов бастаған ақпараттық топ Теректі ауданында болды.


Жолдаудың индустрияны  өркендету, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, жер қойнауын тиімді пайдалану, аграрлық секторды,   әсіресе, экологиялық таза тағамдар өндіру қолға алынады деген жолдарына тоқталған Қуаныш Жұмабекұлы өзі жетекшілік ететін тіл саласына  да тоқталды.

Өңірдің тыныс-тіршілігінен хабардар Марат Лұқпанұлы Елбасы атап көрсеткен ең басты байлық - адами капитал сапасын жақсартуға тоқталды. - Бұл тұрғыда  білім беру жүйесін өзгерту қаралды. Соның ішінде үш тілді оқуға көшу,  Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру басталды. Сол мүмкіндіктерді жіберіп алмай, тиімді қолдану керек. Қол қусырып, үкіметке қарап телмірмей, белсенді өмір сүру қажет, - деді ол.

 

Камелия ӨТЕУ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале