8.04.2020, 16:35
Оқылды: 20

«Елбасының сөзі – елдің аманаты!»

Нұрсұлтан Назарбаев – қазақтың тәуелсіз мемлекетінің іргесін қалаған тұлға ғой. Оның еңбегі тарихтың ғана емес, әрбір қазақстандықтың өмірінің бедерінде бар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

04E57FC6-636C-451A-9738-D115F8C98EC0

Нұрсұлтан замандасым тұтас өмірін мемлекетінің дәуірлеуіне арнады. Бүгінгі «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді!» атты мақаласынан парасатты ер ретіндегі пайымын көрдім, халқына деген ақсақалдық ақылын көрдім. Кешегі бабалардың «Бірлік бар жерде тірлік бар!»  деген тәмсілін Елбасы өз биігінен айтты. Елдің ақсақалы солай етсе керек-ті.

Әрине, бұл індет – қазақтың бірінші көрген қиындығы емес. Біз қиындықпен өскен елміз. Рас, Тәуелсіздік өмірімізді бал-бұл жайнатып, ат үстінде күн кешкен бабалардың түсінде көрмегенін өңімізде көрсетті. Адам жақсылыққа тез жатығады. Бүгінгі ұрпақ, тіпті біз де тыныш өмірге, бейқам тірлікке әбден үйреніп, осылай болуы заңды сияқты қабылдадық. Жаман аурудың пандемиясы, төтенше жағдайды – барымыздың бағасын, қымбатымыздың қадірін түсіндірген сынақ болды. Алланың бір сынағының артында екі жақсылық бар! Алла қаласа, еліміз бұл сындарлы сәттен де өтер, әлі талай жақсылықты көрер! Қиындықты да, қызықты да бірге көрген дұрыс! Елбасы бүгінгі мақаласында соны айтты.

Маған мақаланы телефонынан ұлым оқып берді. Тыңдап, түсініп алғасын мен де үн қосайын, Елбасын қолдайын деп шештім. Мақалада кәсіпкерлерге, бақуатты азаматтарға міндет артылды, қандасына, жұртына жәрдем беру жүктелді. Іскер жігіттер Елбасының сөзін тұтас елдің аманаты деп түсінуі тиіс. Билердің «Бай болсаң еліңе пайдаң тисін!» дегені осы емес пе? Ырыздығын бөліскен, дүниесін жұрттың игілігіне салған адамға Құдайдан сансыз сауап бар.

Бірлік – айқайлаудан емес, түсінісуден басталады. Бір – біріміздің жағдайымызды түсініп, бірлік танытайық!

Ерсайын Рамазанов

Сырым ауданы

Қосарал ауылы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале