Тасқала ауданы Оян ауылын жан-жақтан келген қар суы қоршап, ауыл судың ортасында қалғанда көршілес Ақтау ауылының 20 жігіті көмекке келді.
Аудан әкімі Талғат Шакировтың өзі Қосшы ауылдық округіне қарасты Қуырдақ елді мекені бағытындағы қыстақтарға арнайы барып, еріген қар суының көп келуіне байланысты мониторинг жүргізді.
Жергілікті шаруа қожалықтары да қарап отырмай тұрғын үйлеріне келер қауіпті азайту мақсатында бөгеттер тұрғызуға кірісті. Осы жұмысты тиісті деңгейде жүргізу үшін қожалықтарға төтенше жағдайлардың алдын алу қорынан қажетті мөлшерде жанармай жеткізілді. Бүгін сәрсенбі күні дизель отынының екінші бөлігі жеткізілмек.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz