9.09.2024, 17:00
Оқылды: 154

«Елдің пікірі ескерусіз қалмайды» – Теректіде жиын өтті

Қазақстанда биыл 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

87F62178-BC2C-4251-81C3-701927CCBCBF

Бұл мәселе бойынша референдум өткізу бір жылдан бері талқыланып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы егжей-тегжейлі баяндап, «бұл – азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім» деді.

Жасыратыны жоқ, күн өткен сайын экономикаға мол энергия қажеттілігі білініп жатыр. Ал мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.

2F54355E-7CB1-404A-B534-F62AF30C72C0

Осы орайда бүгін  «Қазына» коворкинг орталығында аталмыш бастаманы талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Еркін бағыттағы талқылауға аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин һәм теректілік тұрғындар қатысты.

Көпшілігі болашаққа аса қажет дүниені құптады. Қазір әлемнің дамыған және дамушы елдерінде жиынтығы 200-ге жуық атом электр стансасы бар. Бұл ел дамуының сұранысын, экономика қажеттілігін елеулі дәрежеде өтемек.

Жан-жақты пікір алмасуға ұласқан жиында қатысушылардың ұсыныстары ескерілді. Қарапайым аудан жұртшылығының дауысы да игілікті бастаманы қолдауға сеп болары сөзсіз.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале