2.06.2024, 16:00
Оқылды: 98

"Елдің сәні – ерке балғындар"

Балалар мерекесі Бөкей ордасы ауданында кең көлемде тойланды. Басқа жылдардан айырмашылығы сол биылғы мереке еңбектеген сәбиге дейін қамтыды. Білім беру мекемелерінде, атап айтқанда М-С.Бабажанов атындағы мектепте озаттар слеті, әкелер мен балалардан құралған командалар арасында спорттық сайыс та өтті.

IMG-20240601-WA0094

Аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен түске дейін балғындарымыз ептіліктерін мен икемділіктерін сарапқа салып, секіртпе мен секіріп, велошабандоздар мен самокат тебушілер арасында жарыс өтті. Түстен кейін балдырғандарымыз үлкен экраннан мультфильмдер топтамасын тамашалады. Ал кеште сайыс жүлдегерлері марапатталып, мерекелік концерт өтті.

IMG-20240601-WA0091

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов қатысып, балдырғандарымызға игі тілегін арнап, жүлдегерлерге марапаттарын табыстады.

IMG-20240601-WA0111

IMG-20240601-WA0114

Концертте балақайлар ән салып, би билеп қана қойған жоқ. Көзілдіріктілер шеруіне шығып, күнделікті көзілдіріктеріне әдемі түр беріп, сәнқойлықтарын көрсетті. Сонымен бірге мектептен тыс тәрбие орталығының тәрбиеленушілері оқытушылары Ләззат Рамазанованың жетекшілігімен ұлттық нақыштағы сән үлгілерін көрсетті. Өнерлі балғындарымыздың әдемі концерті ұрпақтан ұрпаққа ұран болған "Әрқашан күн сөнбесін" атты әнмен түйінделеді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале