17.04.2024, 11:45
Оқылды: 36

Елдостың сауапты ісі

Елімізде ағын судан зардап шегіп, қиыншылыққа тап болып жатқан жанұялар қаншама?! Осындай ауыр кезеңде халқымыздың басына ауыр күн туды. Қарапайым халық жылы ұясынан айырылып, берекет қашқан кезде қолынан келгенше сауапты іс жасап, көмектесіп жатқандар да жоқ емес.

WhatsApp Image 2024-04-17 at 11.55.02

Әсіресе, Казталов ауданының тұрғындары барынша атсалысуда. Қиындыққа ұшыраған отбасыларға қол ұшын созуға ниет білдірген Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің де батыр ұлы да үлес қосты. 5-сынып оқушысы Елдос Жасталап өзі жиған қаражатты қайырымдылыққа берді.

Осынау қиын-қыстау кезеңде жұмыла жүк көтеріп, ерлікпен елін қорғаған азаматтардан кем болмайтын Елдостың бұл қайырымды ісі — басқа да қалталы азаматтарға үлгі болсын дейміз.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале