15.04.2022, 16:59
Оқылды: 182

Электр құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Электр техникалық құрылғыларды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары:

08

Фото дереккөзі: volzskiy.leaderg.ru

  1. Электр сымдарының, электр аспаптары мен аппаратураларының ақаусыздығын, сондай-ақ розеткалардың, электр талсымдары мен электр шнурларының бүтіндігін және ақаусыздығын қадағалау қажет.
  2. Оқшаулағышы бұзылған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады.
  3. Электр сымдарын тораптарға байлауға, оларды бұрау арқылы қосуға, түсқағаздармен желімдеуге және жанғыш әрлеу элементтерімен жабуға тыйым салынады.
  4. Электр желісіне бір уақытта бірнеше ток тұтынушыларын (шамдарды, плиткаларды, үтіктерді және т.б.), әсіресе тройниктің көмегімен бір розеткаға қосуға тыйым салынады, өйткені электр сымдарының шамадан тыс жүктелуі және тұйықталуы мүмкін.
  5. Қыздыру аспаптарын қосқанға дейін жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарға орнатылуы тиіс.
  6. Қосылған аспаптарды, әсіресе жоғары температуралы қыздыру аспаптарын - электр шәйнектерін, су қайнатқыштарды, дәнекерлегіштерді және электр плиталарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
  7. Электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен жабуға тыйым салынады.
  8. Қосылған электр жылытқышты төсектің, басқа да жанғыш заттардың жанында түні бойы қалдыруға тыйым салынады.

Есіңізде болсын! Өртті сөндіруге қарағандаалдын алу оңайырақ!!!

Жаңақала ауданы ТЖБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале