7.03.2025, 11:00
Оқылды: 469

«Елеулі есімдер» төрінде – Меңзипа Жұматова

Оралда, Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында кеше ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ақжайық ауданының "Құрметті азаматы" Меңзипа Жұматовамен кездесу өтті.

DSC_0241 (1)

Аталған орталықтың «Елеулі есімдер» жобасы аясында ұйымдастырылған кеш барысында Меңзипа Дүйсенбайқызының 1996 жылдан бастап жиырма жылдан астам аудан әкімінің орынбасары қызметінде республикаға мәлім болған ерек еңбегі жайында кеңінен баяндалды.  Ел тәуелсіздігі тәй-тәй басқан өтпелі кезеңде талай қиындық тұйыққа тіреп, оның үстіне Тайпақ ауданы мен Чапаев ауданы ірілендірілген кезеңде ол әлеуметтік саланың қам-қарекеттерін қайыспай көтеруімен жұртымыздың қошеметіне кенелді. Жылағанды жұбатты, мұңайғанды медеді. Кезінде облыс бойынша «Ең үздік аудан әкімінің орынбасары» деп танылды, Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясының сертификатын иеленді, т.б. марапаттарға бөленді.

DSC_0285

Шарада Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин, қоғам қайраткерлері, «AMANAT» партиясы, облыстық басқарма, қоғамдық ұйымдар өкілдері, М.Жұматованың кезіндегі жұмыстары, шәкірттері оған игі лебіздерін арнады.

DSC_0323

8 Наурызға орай барша нәзік жандыларға ақ тілек айтылды. М.Жұматоваға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың Алғысхаты, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Болат Есқалиев,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале