15.12.2021, 17:40
Оқылды: 32

«Елім деген ерлерім»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында апта дүйсенбісінде Ақжайық ауданы әкімдігінің ғимаратында осындай тақырыппен құрмет бұрышы ашылды.

50

Аталмыш бұрышта егемендік жылдары аймақты басқарып, түрлі кезеңдерде өңірдің экономикалық, әлеуметтік дамуына алғаусыз қызметімен сүбелі үлес қосқан аудан әкімдерінің фотолары ілінген. Отыз жылда ауданның тізгінін қолға алып, ауыл-елдің еңсесін тіктеуге қажыр-қайратын арнаған азаматтарға құрметін білдіруге ашылу салтанатында олармен бірге қызметтес болғандар жиналды.

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов сөз сөйлеп, айтулы азаматтардың ауданның тыныс-тірлігін нығайтудағы рөлі туралы әңгімеледі.

Еңбек ардагері, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы Дәулетжан Жақсыбаев тақтадан суреттері орын алған азаматтар туралы естеліктерімен бөлісті.

Әлия Шарапиева,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале