Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты «Ana tili» газетіне берген сұхбатында еліміздегі маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Соның ішінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидаты туралы тілге тиек етті. «Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халықтың болмысының, қоғам өмірінің ажырамасы бөлігіне айналдыру. «Заң мен тәртіпті» берік орнықтыру үшін көп уақыт пен күш-жігер қажет қағидатты қатаң ұстануға,оны өмір салтына айналдыруға әлі дайын емес. Бірақ талаптанған адам қалайда мұратына жетеді, -деді Мемлекет басшысы.
Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алатыны туралы да айтқан болатын. Сондықтан мемлекетіміздің дамуы мен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында адал еңбекті бағалау және жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру қажеттілігіне назар аударудың маңызы зор екендігі сөзсіз.
Еліміздің дамуы үшін қоғамдағы ең өзекті мәселені қамтуымен де елдің көңілінен шықты деп есептеймін.
Жәрдемғали Балыков,
аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы,
Тасқала ауданы