Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Казталов ауданында велошеру және автошеру ұйымдастырылды.
Шерудің жалпы ұзындығы 2 шақырымды қамтып, қатысушылар аудан әкімдігі ғимаратынан бастап, Желтоқсан, Ы.Сауанов, С.Датұлы, Құрманғазы, С.Даниялов, Ш.Шарафутдинов көшелерін жүріп өтті.
Аудан әкімдігі ғимараты маңынан бастау алған шеру «Достық» саябағында аяқталды. Мұнда аудан тұрғындары Мемлекеттік Әнұранды шырқап, айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған оқушылардың суреттер көрмесін және «Рәміздерім – мақтанышым, мәртебем!» атты мерекелік концертті тамашалады. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысып, халықты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Салтанатты жиында Көктерек ауылдық округінің әкімі Бақытжан Сатқанұлы, Болашақ ауылдық округінің әкімі Аманжол Баянғалиұлы, Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Асылбекұлы БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының алғысхатымен марапатталса, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Гүлсара Мәлікқызы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Кәрімқызы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы, Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Сағидоллаұлы, «Балбөбек» жеке бөбекжайының басшысы Асылхан Аманжолұлы аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.
Салтанатты іс-шара ауданымыздың мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress. kz