4.06.2025, 15:15
Оқылды: 129

Еліміздің көк туы мәңгі желбіресін

Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне арналған салтанатты шара — бұл ел азаматтарының отансүйгіштік сезімін арттыруға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды патриоттық іс-шара. Бүгін бұл мереке еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде аталып өтілуде.

image-04-06-25-01-49-2

Ауданымызда да алдымен Ту көтерген автошерудің аппақ автокөліктері М.Ықсанов, Абай, Ш.Мәжитов, Ғ.Қараш, М.Мәметова көшелерімен жүріп өтіп, аудан орталығындағы Тәуелсіздік алаңына табан тіреді. Осы мезетте Қазақстанның барлық қаласы мен елді мекеніндері, соның ішінде Жәнібекте де Мемлекеттік Гимн шырқалып, жиылған аудан жұртшылығы және аудан басшысының қатысуымен Ту көтеру рәсімі орындалды.

image-04-06-25-01-49

Рәсімнен соң аудан әкімі Тимур Шиниязов барша аудан тұрғындары мен қонақтарын маңызы айырықша мерекемен құттықтады:

image-04-06-25-01-49-5

- Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке — халқымыздың тәуелсіздігін, егемен еліміздің біртұтастығы мен бірлігін бейнелейтін айрықша күн. Мемлекеттік рәміздер — біздің ортақ тарихымыздың, жарқын болашағымыздың және Отанымызға деген мақтанышымыздың белгісі. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, оларға деген құрметті жүрегінде ұстауы — азаматтық парыз. Бүгінгі мереке жастарымызды елжандылыққа, рухани құндылықтарды қадірлеуге, мемлекеттілігімізді ардақтауға шақырады. Бұл — баршамыз үшін үлкен жауапкершілік пен мақтаныш сезімінің күні. Осы бір маңызды күні баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, бейбіт өмір тілеймін! Еліміздің көк байрағы әрқашан биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін! - деді.

image-04-06-25-01-49-3

Аудан басшысының жылы лебізі Айнара Нұртаеваның орындауындағы «Елім менің» әнімен жалғасса, кішкентай өнерпаздар Мейрамбек Стамов пен Мансұр Қобылан «Көк туым» әнімен жиылған жұртшылықтың назарында болды.

image-04-06-25-01-49-6

 

Аслан Боранбаев, Қуаныш Аждуов, Райымбек Кәрімовтен құралған трионың орындауындағы атаулы мерекенің маңызын айқындап, жүректерде Отанға деген сезімді өршітетін Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» әнімен шара мәресіне жетті.

Арай Сейфолла, 

Жәнібек ауданы

image-04-06-25-01-49-1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале