28.10.2021, 11:37
Оқылды: 75

Еліміздің өркендеуіне сүбелі үлесі бар сала

Мемлекеттің дамуы мен өркендеуінде сүбелі үлесі бар салық саласының құрылғанына биыл 30 жыл. Айтулы дата Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен де тұспа-тұс келіп тұр.  ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті БҚО мемлекеттік кірістер департаменті Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының тарихы еліміздің қаржы жүйесіндегі қайта құрылу саясатына байланысты 1991 жылдың 1 желтоқсан айынан басталады.

C8695101-FD0A-4BCA-9FA7-C6AD6BE44E17Ең алғаш құрылған кезде мекеме Теректі аудандық салық инспекциясы деп аталып, басшылық қызметін Ермек Жармұхамбетов атқарды. Бүгінгі таңда Теректі ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының тізгінін озық тәжірибелі қызметкерлердің парасат пайыммен еңбек етуіне ұйытқы болып, жоғары талап қоя білетін білікті басшы Сұңғат Есенғалиев ұстап отыр.

Ауданның экономикалық дамуына зор ықпалын тигізіп жүрген ұжымда 9 мемлекеттік және 2 штаттан тыс қызметкер  жұмыс істейді. Басқарма салық төлеушілермен жұмыс, салықтық бақылау, өндіру сынды бөлімдерге бөлінген.

-Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі – кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету.

Сонымен қатар ҚР Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды заңнамада көрсетілген шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу сынды қызметтермен шұғылданады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізетін маңызды қызметтердің бірі – жергілікті салықтарды, яғни көлік құралдарының, жер мен мүліктің салығын уақытылы жинау.

Басқарманың байырғы қызметкері  С.Сисенов мекеме құрылған күннен бастап күні бүгінге дейін салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы ретінде абыройлы қызмет атқаруда.

Жалпы салық саласында көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар бағдарламаға енуде, осындай тың бастамалардан кенже қалмай зор ізденіс үстінде еңбек етіп жүргендердің қатарында Е.Томпишев, Э.Ильяс, А.Хайруллина, Г.Зайкина, А.Нурумов, К.Саламатовалар бар.

Ұйымшыл ұжымда майталман мамандармен қоян-қолтық еңбек етіп, тәжірибе жинақтап жүрген жас мамандар да бар. Олар  ертеңгі күні салық саласының болашағы деп сенеміз. Мекеме қызметкерлері қоғамдық өмірге белсене араласады.  Мемлекеттік мерекелер мен айтулы күндерде мәдени және спорттық шараларға да қатысады. Салық саласында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры мықты, Туы биік болуына, Теректі ауданының бюджет қоржынын толтыруға аянбай тер төгіп, жоғары көрсеткіштермен көрінуге қашанда дайын, — дейді басқарма басшысы С.Есенғалиев.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале