4.09.2020, 9:05
Оқылды: 20

Елімізге белгілі түсірілім тобы Казталов ауданына барды

3 қыркүйек күні Казталов ауданы Жалпақтал ауылында қоныс тепкен Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жəне архивтер басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің Жалпақтал филиалына жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтан қаласынан "Последный рубеж" фильмінің продюссері, заң ғылымдарының кандидаты Аманжол Оразбаев, режиссёр Елена Ковардакова, оператор Виктор Московкин, өлкетанушы Ахмедияр Батырханов арнайы келді.

Топ 3

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында соғыс өртінің от жалыны мықтап шарпыған өңіріміздегі Жəнібек, Бөкей ордасы аудандары бағытына қарай жол тартып бара жатқан меймандар жолүсті Жалпақтал өңіріне атбасын тіреді.

Топ мүшелерінің мақсаты Жалпақтал филиалының сақтау қорынынан орын алған аталмыш аудандардың тарихи құжаттарымен танысып, қажетті архив материалдарын қойын дəптерлеріне түртіп жазып алу болатын.

Сапар барысында деректі фильм түсіріп жүрген топ мүшелері Жəнібек аудандық кеңесі атқару комитетінің (205-ші қор) Орда ауданындағы Шоңғай МТС-нің, (189-ші қор) 88-ші Орда түйе зауытының (174-ші қор) т.б. мекеме, ұйымдар мен колхоздардың, ауылдық кеңестердің құнды құжаттарымен танысып, филиал қорындағы архивтік материалдардың сақталуына оң бағаларын берді.

Филиал директоры Миржан Қарабалин түсірілім тобына сұқбат беріп, топ жұмысына мүмкіндігінше рухани қолдау көрсетті.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале