6.07.2023, 12:11
Оқылды: 17

«Елімнің жүрегі – Астана»

Переметный ауылында осындай атаумен мерекелік концерт өтті. Аудан орталығындағы «Астана» саябағында болған кеш жиналғандарға әдемі әсер сыйлады.

IMG-20230706-WA0028

         -Ата-бабаларымыз, аға буын өкілдері үшін егемендік арман болғаны аян. Ғасырлар бойы аңсаған көптің тілегі орындалып, азаттықтың таңы атқанына да отыз жылдан аса уақыт өтті. Егемен еліміздің елордамыз Сарыарқа төрінен орын алғанына да міне, ширек ғасыр толып отыр. Осынау мерекемен баршаңызды шын жұректен құттықтаймын! Бүгінде Астана дегенде арман қалаға ойға оралады, жастарымыздың тағдыры тоғысып, жарқын болашаққа нық қадам басқан қазақстандықтар көрініс береді. Елордамыздың бойын тіктеуге барлық отандасымыз үлесін қосты. Оның ішінде біздің жерлестеріміздің де бар екенін мақтанышпен айта аламыз. Астана туралы сөз болғанда оның негізгі нышаны, елорданың нақ төріндегі сәулет өнерінің бірегей туындысы - Бәйтерек монуметін айтпай кетуге болмайды. Сол себепті ауданымыздың да Бәйтерек атануы біз үшін үлкен мақтаныш. Алып бәйтерек ағашындай еліміз, өңіріміз, ауданымыз көркейіп, жайнай берсін, - деді кеш шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

IMG-20230706-WA0026

Астананың құрдастары атынан сөз алған Чувашин мәденит үйінің жетекшісі Серікбол Сақыпқали жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Содан соң мерекегі орай аудандағы мекеме-кәсіпорындардың үздік қызметкерлері марапатталды. Олардың арасында аудандық білім бөлімінің бас маманы Сәуле Мұқанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-есепшісі Жанат Ачинова, Ветеринарлық бақылау және қадағлау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Гүлнар Жұманиязова, аудандық жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогы Анастасия Баладкина, аудан әкімі аппаратының қызметкері Елжан Рахметуллин бар.

IMG-20230706-WA0029

Мерекелік концертте өнер көрсеткен жергілікті әнші-күйшілер Отанымызға, халқымызға, Астанаға арналған өнер туындыларын көпшілік назарына ұсынып, көрермен қошеметіне ие болды.

 

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале