Сырым ауданы Елтай ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту нысаны "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілген болатын.
- Халық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Су - тіршілік көзі. Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Мердігер "Жиенбай" ЖШС өз жұмыстарын тыңғылықты жасап, ауыл халқына қуаныш сыйлады,- деді салтанатты шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев елтайлық ағайынды құттықтап.
Шара соңында ауыз су құбырын іске қосу құрметі аудан әкімі Т.Төреғалиев пен С. Есеналинге бұйырды.
Төлеген Серікқалиұлы Елтайдағы бөгет пен балалар алаңының жұмыстарына да зер салып қайтты.
Ауылдық округ әкімі Рашид Байровтың айтуынша, су кету қаупінің алдын алу шаралары қарқынды жүргізілсе, балалар алаңына қысқы маусымға конькимен қолдау білдіруге ниетті ауыл азаматтары да бар екен.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz