12.04.2017, 14:10
Оқылды: 27

Ең жас шахматшылар сайысы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілеріне арналған «Балғын шахматшылар» атты аудандық байқау өтті.

Байқауға әр мектептен мектеп жасына дейінгі 5 жастағы шахматшылар қатысты. Ой ұшқырлығын дамытуда таптырмас ойынның түрі саналатын шахматқа деген бүлдіршіндердің қызығушылығын арттыруда дәстүрлі өткізілетін байқаудың маңызы ерекше.

Сайыс нәтижесінде бас жүлдені және «Балғын шахматшы» кубогін шөптікөлдік Ернұр Жауынбаев жеңіп алды. Мадияр Жаңбыршы І, Еркебұлан Айса ІІ, Мейірбек Кәкимолла ІІІ орынды иеленді.

«Үздік ойыншы» аталымына Қаракөл мектеп-балабақшасының тәрбиеленушісі Орынғали Әбілмансұр лайық деп танылды. Қисынды ойлау қабілетімен көзге түскені үшін Досжан Қайырбай, Аңсағаным Құттымұратова алғыс хатпен марапатталды.

Жүлдегер ойыншылар аудандық білім беру бөлімінің атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале