29.09.2025, 16:00
Оқылды: 150

Еңбек адамдары құрмет төрінде

“Еңбек. Құндылық. Өмірлік жол” атты форум аясында Казталов ауданының еңбек адамдары да ерекше құрметке бөленді. Марапаттау шарасын ашқан аудан әкімінің орынбасары Серік Кайрлиев сөз алып, еңбекті бағалау мен жұмысшы мамандарды қолдауда Казталов ауданының алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Ол еңбек адамының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына ерекше мән берді. 

FB_IMG_1759138960462

Одан кейін форум аясында марапаттау рәсімі өтті. Еңбек жолында үлгі көрсеткен аудандық мекемелер мен шаруашылықтардың мамандары, сондай-ақ жас мамандар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

FB_IMG_1759138962950

Олардың ішінде Көктерек ауылдық «Таза су» қондырғысының операторы Арман Есқайырұлы Жұбаткалиев 20 жылдық тәжірибесімен ерекшеленсе, Жалпақтал ауылдық округі электр торабының подстанция кезекшісі Максим Жақиянұлы Мусин 32 жыл бойы үздіксіз қызмет етіп келеді. Казталов аудандық электр торабының аға шебері Бауыржан Есмұханұлы Менешов 27 жылдық тәжірибесін кәсіби жетістіктерімен толықтырды.

FB_IMG_1759138965559

Ауыл шаруашылығында да өз еңбегімен ерекшеленген мамандар бар. «Арман» шаруа қожалығының жетекшісі Айзада Жеңісқызы Уильянова мал шаруашылығын дамыту мен өнім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлсе, Казталов аудандық газ шаруашылығы мекемесінің слесарі Әділбек Жәнібекұлы Жанабаев кәсіби шеберлігімен танылды. Сонымен қатар, аудандық ветеринариялық станцияның мамандары Нұрым Біржанұлы Батырбай мен Мәулет Құттығалиұлы Бақытов жоғары жауапкершілік пен адалдық танытқан еңбектері үшін марапатталды.

FB_IMG_1759138978865

Форумда жас мамандар да өз кәсіби шеберліктерін көрсетіп, «Үздік жас маман 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды. Екатерина Михаиловна үздік аспазшы атанса, Жайнагүл Қайратқызы Төлекешева үздік IT маманы болды. Нұрлыбек Мәлікұлы Нығметолла құрылыс саласының үздігі деп танылса, Думан Мұрадымұлы Мұсабек ауыл шаруашылығы мамандары арасынан үздік шықты. Ал Ерген Есейұлы Серғазиев мал дәрігері аталымында жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленді.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы форумда өз ойлары мен тәжірибелерімен бөліскен спикерлерімізге алғысхат табыстады.

FB_IMG_1759138971577

Бүгінгі форум еңбек еткеннің еңсесі биік, мерейі үстем болатынын тағы бір мәрте дәлелдегендей.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале