Еңбек күні қарсаңында «Amanat» партиясының Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиев Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Сырым ауданының Құрметті азаматы», ақын, ардагер журналист Махмет Қажиахметовтың шаңырағында болды.
Кездесудің мақсаты – еңбек адамдарының өмір жолдары арқылы кейінгі ұрпаққа беретін тәлім-тәрбиесін, еңбекқор отбасын насихаттау, қазіргі қоғамдық санадағы тоғышарлық, масылдық, енжарлықты жеңіп, еңбек етуге деген ынта мен жігерді арттыруға үлес қосу болды.
Махмет Мүтиұлы бала кезінен, жастайына еңбекке араласқанын, бүкіл саналы ғұмырын аудандық газеттің салмағы айтпандай жұмысына арнағанын айтты.
Жастарды еңбекті бағалап, өз саласының маманы болуға, адал қызмет етуге шақырды. Халықты еңбекке жұмылдырып еңбек адамына деген құрметті арттыру керек деген пікірін білдірді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz