Бүгін Ақжайық ауданы әкімі Мұрат Сердалин еңбек ардагері Балсекер Шайхыисламқызын 75 жасқа толуына орай қабылдап, қошемет көрсетті.
– Қажырлы еңбегіңіз, қызметтегі жетістігіңіз – кейінгі толқынға зор үлгі. Аудан тірлігіндегі жарқын жетістіктерімізде сіздердей тәжірибесі мол аға-буынның үлесі зор. Ұл-қызыңыздың, ұрпағыңыздың қызығын көріп, белсенді қалпыңыздан танбай, аман-есен жүруіңізге тілектеспін, - деген Мұрат Амангелдіұлы абзал ұстазға сый-сияпат тарту етіп, облыстық білім беру басқармасының алғысхатын тапсырды.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы, аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев, білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмолдин еңбек ардагерлері М.Үмбеталиев, Дәулетжан Жақсыбаев, Бақтығали Қоспаев, Мәншүк Мәмбешева, Шәмшия Жиенбаева мерейгердің адами келбеті, салаға сіңірген еңбегі, аудан педагогикасындағы қолтаңбасы ерек екенін айтып, жылы лебіздерін арнады.
Өз кезегінде Балсекер Шайхыисламқызы өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылық танытып, ақжарма алғысын арнады.
Азамат Қанапия
Ақжайық ауданы