17.09.2024, 18:00
Оқылды: 5

Еңбек ардагері Ибат Бекқалиев 70 жасқа толды

Бүгін Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рауан Рахметуллин бастаған бір топ делегация, Бекқалиевтер отбасында болып, еңбек ардагері, аудан экономикасының дамуы жолында өз үлесін қосып, еселі еңбек еткен Ибат Бекқалиевті 70 жас мерейтойымен құттықтады.

374DF24E-33DF-4C89-8773-3D0234A472E8

«Азаматқа абырой-атақтың бір күнде, бір сәтте келмейтіні белгілі. Біздің мақсат – осындай өнегелі ісімен ел құрметіне бөленіп жүрген өзіңіз сияқты мерейтой иелерін елеусіз қалдырмау. Сондықтан сізді мерей жасыңызбен құттықтап, деніңізге саулық тілейміз», -деген Рауан Бисенғалиұлы аудан әкімі Талғат Шакировтың атынан құттықтау хатын табыстап, мерейтой иесінің иығына шапан жапты.

Одан әрі сөз алған Жәрдемғали Балыков Ибат Бекқалиевтің еңбек жолына тоқталып, кеудесіне «Тасқала ауданының құрметті ардагері» төсбелгісін тақты. Құттықтауға арнайы келген Жанар Бисенғалиқызы мен Самиғолла Рахметоллаұлы да мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, Ибат Мерешұлы алғашқы еңбек жолын 1971 жылы бастап, 17 жасында трактор рөліне отырған. Содан бастап зейнетке шыққанша егін егіп, шөп шауып, қызмет етті. Екі жыл Приозерскде әскери борышын өтеп келген соң да елге келіп қайтадан өз жұмысын жалғастырған.

Зейнеткерлікке де осы саладан шыққан. Жалпы оның ауылшаруашылық саласына қосқан үлесі мол. Сол еңбегі ескерусіз қалмай, Үкімет тарапынан бірнеше наградалармен марапатталған. Қазіргі таңда жан-жарымен бірге бала келіндері мен немерелерінің ортасында отырған бақытты ата.

Салтанатты шарадан соң Ибат Мерешұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, рахмет айтты.

Назерке Шайхоллақызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале