2 наурыз күні ауылдастарын Алғыс айту күнімен құттықтауды мақсат тұтқан Жалпақтал ауылының әкімі Әлия Жақсыбаева еңбек ардагерлерінің шаңырақтарында болып, ауыл-елдің дамуына сүбелі үлес қосқан жандарды арнайы құттықтап, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Көктемнің алғашқы мерекесі тұсында өздерін назардан тыс қалдырмаған әкім қыздарына разы болған аға буын өкілдері баталарын берді.
Қыдыр Харесұлы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер