3.03.2025, 12:45
Оқылды: 535

Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл мемлекет басшысы бекіткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында аудан ішінде түрлі іс-шара өткізіліп жатыр.

480882562_2072294053182352_3982272274865092997_n

Осы бағытты ұстана отырып, Алғыс айту күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев еңбекте қайнаған әр түрлі сала ардагерлерімен кездесті. Аудан әкімі алғашқы сөз кезегін алып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

480606922_2072293516515739_1769699303946746770_n

- Еңбек - әр адамның өмірінің ең негізгі, ең басты құндылығы. Адал еңбек ізгі ниет пен тұрақтылықты сақтап, қоғамның алға басуына зор ықпал етеді. Шараның мақсаты - еңбек адамдарының елеулі еңбегін, олардың қажырлы қызметін құрметтеп, жастарға өнеге ету. Сіздер еңбекқорлық пен елжандылықты серік етіп, ауданымыздың іргесін нығайтуға, қоғамның алға басуына көп ықпал еттіңіздер. Еңбек жолдарыңыз - көпке өнеге. Үлкен құрметке лайық қызметтеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз арта берсін ,- дей келе, адал еңбектері үшін алғысын білдірді.

481142662_2072294016515689_52127644630134059_n

Кейін еңбек ардагерлері өздерінің жылы естеліктерін айтып, шынайы лебіздерін, ақжарма тілектері мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Алғыс айту күніне орай барша ардагерге құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен сый-сыяпаттар табысталды.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале