Биылғы көктемнің алғашқы күніндегі Алғыс айту мерекесі бата алумен басталды.Оған себеп, Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің және Жымпиты ардагерлер кеңесінің төрағалары Әнуар Ғалымов пен Ғилаж Қаналиев жымпитылық еңбек, тыл ардагерлері Қайыржан Нұрмұханов пен Бақыт Ағрешованы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Еңбек жолдарындағы қызығы мен қиындығы қатар жүрген шақтардың естелігін тыңдаған ел ағаларына қос ардагер алғыстарын жаудырып, батасын берді.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz