Мерекеге орай «Муса» шаруа қожалығының басшысы Тілеген Мусин қызметкерлерін марапаттады. Алдымен аталмыш шаруа қожалықтың иесі Тілеген Теміржанұлы үздіктерді Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Сіздер «Муса» шаруа қожалығында көп жылдар еңбек етіп келесіздер. Өздеріңізге жүктелген міндеттерді абыроймен атқарудасыздар. Қажетті уақытта менімен бірге болғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Шаруашылықтың игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!» - деді қожалық иесі.
Осы қожалықта ұзақ жылдар мал дәрігері болып, зейнетке шыққан Жұмағали Қажмулдинге, сол салада жұмыс істейтін зоотехник Амандық Амангелдіұлы мен қаржы есепшісі Анар Қайратқызына «Еңбек үздігі» медалі, алғысхат және қаржылай сыйлық табыстады.
Ақсәуле Сексенбайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz