Бүгін облыс орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР "Атамекен" Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған "Еңбек жолы" байқауының өңірлік жеңімпаздары марапатталды.
Жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында өткізілген байқау үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік берді.
Орал қаласындағы Достық үйінде өткен салтанатты шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев марапаттағандар арасында біздің екі теректілік бар.
"Пойма май комбинаты" кәсіпорыны еңбеккері Жақсыбай Барақов "Үздік жас өндіріс жұмыскері" аталымында топ жарып, І орын жеңіп алды.
Ақжайық ауылы кітапханашысы Күнжамал Дусановаға "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" аталымында алғысхат табыс етілді.
Теректіні гүлдендіріп, ел байлығын еселеуге үлес қосып жүрген теректіліктер "Еңбек жолындағы" жеңіс-жүлдесімен ауданның 90 жылдық мерейтойына тарту жасады.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz