27.06.2020, 17:47
Оқылды: 41

«Еңбекпен» келген балапан

Облыс көлемінде ауыл тұрғындарына құс шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетілуде.

B4E4A1F4-A5C5-4F30-9CE5-B2FEB7C5B31E

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және табысы аз жұмыссыз азаматтарды кәсіпкерлікке тарту бағытындағы бағдарламаның өңірлік «Еңбек балапан» жобасы қайтарымсыз грант беру арқылы ауыл адамдарының өз ісін дамытуына жағдай туғызуда. Мұндағы мақсат – жұмыссыздық деңгейін төмендету, ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуына жәрдемдесу. Грант иелері қайтарымсыз несиеге балапандарды сатып алып, жаздай  күтіп-баптайды. Күзде оны етке өткізіп, түскен қаржыға өз шаруашылығын одан әрі дамыта алады. Осы орайда әр ауданда құс шаруашылығымен айналысатын оператор анықталды. Олар құс етін күзде көтерме бағамен сатып алып, әлеуметтік мекемелердің асханалары мен дүкендерге өткізеді. Халық та сапалы әрі табиғи өніммен қамтылады.

7E0688B7-3F97-4667-9F83-896F6A9B1D6B

Осы «Еңбек балапан» жобасы аясында «Кенжалиев» жеке кәсіпкерлігі Теректі ауданына балапан әкелді. 4000 бас бройлер тұқымды балапан 26 маусым күні көпбалалы және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы мүшесі, жұмыссыз азаматтар қатарындағы 11 теректіліктің қолына табыс етілді.

B5CE6DD5-70F9-451B-B165-6CA8684422DD

Біздің ауданда бұған дейін  "Жайық Ет" ЖШС, «Агрофирма «Ақас» шаруашылығы 119 отбасына 5000 балапанды тегін таратып берген болатын.

Сөйтіп, биыл Теректі ауданындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылар жаздай балапан өсіріп, күзде пайдасын санап алады.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале