Шыңғырлау ауданы орталығында жұртшылық жиылып Радик Каймульдиновты еске алды. Шара ауған жерінде қайтыс болған жауынгер-интернационалист жерлестермізге арналған ескерткіш тақта жанында өтті.
Шарада Радик Каймульдиновтің әкесі Бақтыгерей Каймульдинов, ауған соғысының мүгедек ардагерлерінің Бөрлі ауданы бойынша қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жетпісбай Бектеміров, ауған жерінде бірге болған қандыкөйлек досы Нұрбек Құттымбетовтар тебірене сөз сөйлеп, боздақтарды еске алды.
Ескерткіш жанындағы шара Шыңғырлау орта мектебінде жалғасты. Интернационалист-жауынгер ардагерлерді оқушылар құрметпен қарсылап, жауынгер туралы бейнебаян көрсетілді.
Жат жерде қаза тапқан өрімдей жастардың есімдері ешуақытта ұмытылмақ емес. Соғыс енді болмасын десті шараға қатысушылар.
Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz