14.05.2021, 10:56
Оқылды: 33

Ерасыл ерледі

Орал қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысының» облыстық іріктеу турнирі өткен болатын. Аталмыш жарыс санитариялық-эпидемиологиялық  талаптарды сақтай отырып, көрерменсіз өткізілді. Турнирге аудандардан және Орал қаласынан 14 палуан қатысып, бақ сынады.

8DDA9E4B-D912-499C-B3D1-FC05A585A389

Жарыс қазақ күресін одан әрі дамыту және кеңінен тарату, салауатты өмір салты қағидасын бекіту, спортшылардың кәсіби шеберлігі деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бозкілемде Жаңақала ауданының намысын абыройлы қорғаған Ерасыл Ахметов III орынды иеленіп, қола жүлдені қанжығасына байлады. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас палуанға диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Бапкері ұлттық дәрежедегі төреші Замир Батыров.

Жаннұр Берікқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале