2.06.2022, 16:40
Оқылды: 67

Ерекше балаларға 320 мың теңгеге сый-сыяпат

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жымпиты орта мектебін бітіргендеріне 45 жыл болған 1977 жылғы түлектері атынан Санат Берсебаев, Марат Тоқтаров, Медет Какимов "Нұр шуағы" қоғамдық бірлестігіне бақ орындығын жасап әкеп, сыйға тартты.

7

Ауылдық округтердегі ерекше балаларға да арнайы көлікпен мерекелік сыйлықтар жеткізілді.

Түстен кейін Сырым саябағында ''Нұр шуағы" қоғамдық бірлестігі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырды.

нш 1
Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов балаларды мерекесімен құттықтап, аудан бойынша 65 ерекше күтімді қажет ететін балаларға шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер 320 мың теңгеге қайырымдылық жасап, тәтті-дәмділер мен сый-сияпатқа демеушілік еткенін атады. Жымпиты ауылдық округінің 25 ерекше күтімді қажет ететін баласына сыйлықтар, тәтті салынған дорба табыс етті.

нш 2
Педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің меңгерушісі Аида Ниязғалиева өз атынан 10 балаға сыйлық үлестірді.
Балалар асфальтқа сурет салды.

нш 9
Одан кейін ерекше балалар "Әли" мейрамханасында тәтті үстелден дәм татты.

8
Аудан орталығындағы балалардың ойыншықтары мен сыйлығына Айсұлу Ихсанова, Алмагүл Жанғожиева, Гүлфия Нигметова, Аида Нұрмұханова, Жанат Жаужиева, Қайрат Меңдіғалиев, Бақытжан Хамидуллин, Артур Сәтбаев, Жанат Сембиева демеушілік жасады. Ал, тәтті үстелді ұйымдастыруда Айгүл Жаужиева, Арайлым Анесова, Дамира Утеулиева, Анаргүл Боранқұлова, Гауһар Табышева көмектесті.

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале