28.12.2022, 11:00
Оқылды: 59

Ерекше балаларға иппотерапия игілігі керек

Сырым аудандық мәслихат депутаты ретінде атқарған жұмыстарымды ел назарына ұсынғым келеді.
WhatsApp Image 2022-12-28 at 10.52.02

«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанында құрылған әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы ретінде түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша 5 отырысқа жетекшілік еттім. Отырыстарда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмекші компенсаторлық құралдармен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін бірыңғай порталының қызметі, сапалы көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету туралы, мүгедектерге арналған инватакси жұмысы, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу  мәселелері қозғалды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта, қолжетімді қызмет ұсыну – менің үнемі көтеретін мәселем. Ерекше дамуы бар балалардың құтты ошағы – Сырым аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің басшысы ретінде олардың жағдайы, көңіл күйі маған өте таныс. Сондықтан қайырымдылық айлығы аясында ұйымдтырылған шаралар зерделеп, жұмысқа қабілеті бар мүгедектігі бар жандарды тұрақты жұмыспен қамту, I топтағы өзге адамның көмегін қажет ететін мүгедектігі барларға жылда сауықтыруға бөлінетін шипажайларға баруға көмекшілердің жолдарына шыққан қаржысын өтеуге ықпал ету, білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажет ететін балалармен жұмыстанатын жаңадан қабылданған арнайы мамандардың біліктілігін арттыру жұмысын жандандыру, білім беру ұйымдарындағы мұғалім-логопед, дефектологтардың бөлмелерінің материалдық-техникалық базасын Білім және ғылым министрлігінің №70 бұйрығына сәйкестендіру жайлары – назарымызда.

AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілен кесте бойынша 9 қабылдау өткіздім. Қабылдауға келгендер мүгедек балаларын оңалту жөнінде, тұрғын үй, тұрақты жұмыс, материалдық көмек алу туралы мәселелер көтерді. Әр адамға заң шеңберінде кеңестер мен түсініктер берілді. Көтерілген мәселедер бойынша тиісті органдармен жұмыстану туралы қызметтік хаттар жолданды. Қабылдауға келген бірнеше азаматтың мәселесі оң шешімін тапты.

-Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы К.Исатаеваға материалдық жәрдемақы, халықты жұмыспен қамту орталығы басшысы C.Иманғалиевке тұрақты жұмыс кезегі және әлеуметтік осал топтағы мүгедектігі бар жандарға бөлек кезек қажеттілігі туралы депутаттық сауал жолдадым.

Елімізде өткен екі саяси науқанда аудандық штаб мүшесі ретінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жұмысына бақылау жүргізетін, ақпараттық-түсіндіру мониторинг топ мүшесі ретінде мүгедектерге ғимараттар бейімделген туралы бақылау жүргізіліп, тиісті мекемелерге ескертулер жасалып, толық кедергісіз аймақ құрылды.Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Сайлауалды бағдарламада көрсетілген- балаларға иппотерапия әдісін қолдану туралы мәселе келер жылы өз шешімін тапса нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі таңда қараша айынан бастап балаларды облысқа апарып атпен емдеу жұмысы басталды.

Аида Ниязғалиева,

Сырым аудандық мәслихатының депутаты

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале