Бәйтерек аудандық "Жұбан молда" мешітіне белгілі кәсіпкер, жерлес меценат, "Белес" компаниялар тобының бас директоры Мұрат Жәкебаев темір тұлпарды сыйға тартты.
- Қасиетті Ережеп айы жағымды жаңалықпен басталғанына қуаныштымыз. Кімде-кім мешітке қызмет жасаса, мешітке қандай ниетпен келсе, Алла соған орай пендеге сауабын береді. Мысалы, ауылдық округтерге шығу қажеттлігі туындайды, не түнде қысылып, қиналып қалатын жандар болады, шалғай жердегі адамдар бар, соларға барып қызмет жасау керек. Сондайда кезде абдырап қалатынымыз рас. Міне, осы олқылықтың орны толады деп ойлаймыз. Жалпы көлік кез-келген жұмыс үшін өте қажет қой. Жұмыстың уақытында атқарылуында да көліктің қызметі өте үлкен рөл атқарады. Сондықтан да барын бауырына баспай, елге сауабы тисін деп мырзалық танытып жатқан Мұрат Орынбайұлына бәйтеректік жамағаттың атынан алғысымды айтамын,- дейді аудандық «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Алмат Әміров.
Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы