22.10.2020, 9:47
Оқылды: 46

Еріктілер ерлеп тұр

Жақсылық жасау - имандылықтың, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген деген халқымыздың игі дәстүрі әлі де ұмытылған жоқ.

DA4DFF7D-D935-4356-A186-507527DB7360

Жуырда ғана Бәйтерек ауданы Рубежин ауылының еріктілері «Қамқор» қайырымдылық дүкенін ашты. Сауапты істен шет қалмауды жөн көрген белсенді жастардың бастамасымен ашылған қайырымдылық дүкенінде адамға қажеттінің барлығы бар. Ауылдағы аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары және ата-аналар ол жерге келіп, өздеріне қажетті киім-кешекті ала алады.

CBE2C039-FD99-4365-B7D7-118F718E3756

Сауабы мол іске атсалысып жүрген ауыл жастарына тұрғындар алғыстарын білдіріп, "Жомарт жүректі жандар көп болғай", - деген тілектерін де жеткізуде.

 Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале