11.11.2020, 16:34
Оқылды: 55

Еркебұлан іліп әкетті

Өткен аптада жазғанымыздай, жазылым науқанында белсенділік жергілікті атымтай азаматтар төл газетімізге әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды жаздырып, сауапты іске сеп болуда. Алғашқылардың бірі болып, қабыршақтылық Темірболат Қаржауов 50 жанұяның жартыжылдыққа баратын басылымының жазылым бағасын төлеп берсе, игі істі осы аптада тайпақтық Еркебұлан Ажикенов іліп әкетті.

016152F6-47B1-476D-B9BA-D80C983999DB

Редакцияға хабарласқан шаруагер де іргелі ауыл – Тайпақ басындағы 50 отбасын «Жайық таңына» жаздыруға ниетті екен. Қолында осындай жанұялардың тізімі де бар.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде газеттің алатын орны қашанда ерекше. Жергілікті «Жайық таңында» ауданымыздың тыныс-тіршілігі жарияланады. Жерлестеріміздің жеткен жетістіктерін газеттен оқып, әрдайым қуанып қаламыз. Өз басым аудандық газет елді бірлікке, руханилыққа тәрбиелейтін құралдың бірі деп санаймын», - дейді Еркебұланның өзі.

Жаны жайсаң кәсіп иесінің осыған дейін де елге жасаған жақсылығы жетіп артылады. Жаз айларында індет тықсырғанда, науқастардың өмірін сақтап қалу үшін құны 500 мың теңге тұратын оттегі концентратын Тайпақтағы ауруханаға табыстаса, сол уақытта 30 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Әсем Есбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале