Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Биыл бұл күн ақпан айының екінші жұлдызына тұспа-тұс келіп отыр.
«Дүниежүзілік сайлау күніне» орай Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері Подстепный ауылдық округінде орналасқан “Теректі” колледжі студенттерімен кездесті. Топ құрамында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев, сайлау комиссиясының мүшесі Болат Кенжеғұлов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев бар.
Колледж оқытушылары мен студенттеріне сайлаудың мән-маңызы турасында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бақытжанұлы баяндама жасады.
Сол сияқты әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Сайлау – еркін таңдау. Өз еркінізбен қалаған кандидатыңызға дауыс бересіз. Әркімнің таңдауы маңызды, - деді А.Бисенғалиев.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Жасұланұлы кәмелет жасқа толып, алғаш рет сайлау құқығына ие болып отырған жастарға еліміздегі маңызды істерден қалыс қалмай, белсенді болуға шақырды.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz