15.02.2022, 17:10
Оқылды: 41

"Ерлік – ешқашан ұмытылмайды"

Бүгін Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Ауғанстан жерінде азаматтық борышын өтеген және қаза болған жауынгерлерді еске алуға, сонымен қатар тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Мәңгі естен кетпес отты жылдар» атты салтанатты шара өтті.

IMG-20220215-WA0079

Шарада аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова бүгінгі күннің тарихына қысқаша тоқтала отырып, жерлес батыр бабаларымыздың ерлігін атап өтті. Өз сөзінде аудан басшысы Ауған соғысына және  Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан  жауынгерлеріміз ұмыт қалмауы тиіс дей келе, бірқатар азаматтарға «Қазақстан патриоты» медальдарын табыс етті. Атап айтқанда, «Тәжік-ауған шекарасындағы және әскери қақтығыстардағы ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  «Қазақстан патриоты» медалімен Нұрлан Құрмашев,  Нұрлыбек Қарашев, Асланбек Нұрғалиев және Азамат Калиев  марапатталды.

Ауған соғысы ардагерлері атынан «Аудандық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Баймұқашев сөйлесе, «Тәжік-ауған шекарасындағы және әскери қақтығыстардағы ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалы Әлішер Ашурматов алғысхаттар мен  «Тұңғыш ардагер» төс белгілерін табыс етті.

IMG-20220215-WA0081

Салтанатты жиын патриоттық тақырыптағы әсем әндер мен тақырыпқа сай оқылған өлеңдермен жалғасты.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале