15.02.2023, 12:00
Оқылды: 30

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы кезеңдерінің бірі - ауған соғысы. Отан алдындағы борышым деп осы қасіреті мен зардабы мол соғысқа Шыңғырлау ауданынан да 46 жас жеткіншек аттанған еді. Өкінішке орай, бір жерлесіміз жат елінде ерлікпен қаза тапса, қалған қандастарымыз оқ пен оттың ортасынан жаны да тәні де жаралы елге қайтады. Бүгінде олардың да қатары сиреді.

WhatsApp Image 2023-02-15 at 11.16.21

Биыл Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толып отыр. Осыған орай, Шыңғырлау ауданында интернационалист-жауынгерлерге арналған монумент алдында ауған соғысына қатысып, қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған митинг өтті.

WhatsApp Image 2023-02-15 at 11.15.05(1)

- Батыр ағаларымыздың ерліктері бәріміз үшін үлгі. Соғыс аяқталғанымен, оның тарихы мәңгілік, сондықтан, ерлердің қанымен, ананың көз жасымен жазылған сол күндерді біздің ұмытуға хақымыз жоқ. Отан алдындағы борышым деп осы қасіреті мен зардабы мол соғысқа аттанған батыр ағаларымыз, Сіздердің ерліктеріңіз мәңгі жадымызда, - деді митингте аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова.

Ал «Аудандық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Баймұқашев елімізде ешқашан соғыс қайталанбасын, ел тыныштығы бұзылмасын деген тілегін білдірді.

Шара соңында қанды қырғында мерт болған сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

 

Анар Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале