1.07.2025, 15:15
Оқылды: 105

Ерлік ескерусіз қалмады

Жақында ауыл тұрғындарының жүрегін тебіренткен оқиға орын алған еді. Ауылымыздың ардақты азаматы, көптің атымтай жомарты атанып жүрген Есқайыр Елемесов суға батып бара жатқан баланы аман-есен құтқарып қалған болатын. Есқайыр Кафарұлы жедел әрекет етіп, абырой болғанда, баланың өмірі аман қалды.

image-01-07-25-12-35-2

Жұртшылықың алғысына бөленген Есқайыр Кафарұлына аудан басшылығы да өз ризашылығын білдірді. Бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов арнайы қабылдау өткізіп, алғысхат пен естелік сыйлығын табыстап, құрмет көрсетті.  Қабылдау барысында Есқайыр ағамыздың ел ішіндегі еңбегі мен азаматтық жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Аудан әкімі өз сөзінде: «Ел ішінде осындай ержүрек, батыр азаматтардың болуы – қоғамымыздың рухани тірегі. Есқайыр Елемесов мырзаның ерлігі – баршаға үлгі. Біз мұндай игі істерді әрдайым бағалап, қолдаймыз», – деді.

image-01-07-25-12-35-1

Қабылдауда болған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Алтаев та: - Сіз секілді елін сүйген, жауапкершілігі жоғары азаматтардың бірісіз. Бұл ерлігіңіз – жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз, – деп, атап өтіп БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Жанболат Жаншинның алғысхаты мен сыйлығын ерен ерлік иесіне табыс етті.

image-01-07-25-12-35

Осылайша қайсар қадам елеусіз қалмай, марапатқа ие болды.

 

Арай Сейфолла 

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале