25.02.2025, 11:15
Оқылды: 181

Ермұхан Нұрхат: «Оқушыларды өмірлік құндылықтарға баулимын»

 

Жылдың басынан бастап білім саласында жетістікке жетіп, өзінің жолын салып келе жатырған табысты жастар туралы жазуды бастаған едік. Бұл жолы күні кеше ғана облысымызда өткен робототехника сайсында оқушылара жүлделі орын алған, Ақсай қаласы №4 ЖОББМ робототехника үйірмесінің жетекшісі, Кеңтүбек ЖОББМ ұстазы Нұрхат Ғалиматұлына сауалдарымызды жолдадық.

 WhatsApp Image 2025-02-03 at 10.47.52 (2)

Ермухан Нұрхат Ғалиматұлы 1996 жылғы. БҚО, Сырым ауданының тумасы.  Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамбетов атындағы колледждің түлегі. Физика және информатика пәні мұғалімі.  Отан алдындағы борышын Алматы қаласында адал атқарып,  Ақсай қаласы №8 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 2022 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен Кеңтүбек ЖОББМ қызметке ауысады. Қазіргі таңда ауылдың мектебінде мұғалімдік қызмет атқаруда.

- Ұстаздық мамандықты неге таңдадыңыз? Ұстаз болу бала Нұрхаттың арманы болды ма?

- Мен бала кезімнен ұстаздарыма қарап, олардың оқушыларға қаншалықты ықпал ете алатынын көрдім. Анам да ұстаздық жолда қызметте болғандықтан осы сала жаныма жақын болды деп ойлаймын. Менде болашақ ұрпақтын тірбиесіне өз үлесімді қоссам деймін. Ұстаз – тек сабақ үйретуші емес, ол – ұрпақ тірбиешісі. Мен жас ұрпақтың болашағына оң ықпал еткім келеді. Ұстаздық – тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен құрметке лайық миссия. Бұл мамандық адамға тек білім берумен шектелмей, оның өміріне бағыт-бағдар беріп, болашағына әсер ететін қасиетті жол. Ұстаз – шәкірттің жүрегіне білімнің жарығын шашып қана қоймай, оны адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа баулитын тұлға. Мен ұстаз болуды бала кезімнен армандадым, өйткені білім беру – ұлы іс. Мен оқушыларға тек пәнді ғана емес, өмірлік құндылықтарды да үйреткім келеді. Олардың көзі жанып, жаңалыққа ұмтылғанын көргенде, өзімді нағыз бақытты сезінемін. Ұстаз болу – жай жұмыс емес, бұл менің өмірлік миссиям десем артық айтқаным емес.

- Қазір ауылдық мектепте мұғалімдік қызметтесіз. Ауылда ұстаздық етудің артықшылығы мен кемшілігі қандай?

- Ауылдық мектепте жұмыс істеудің өзіндік артықшылығы  мен қиындықтары бар. Ауылдық мектептерде оқушылар мен ата-аналар арасында тығыз байланыс бар. Қаладағыдай қарбалас тіршілік жоқ, ауасы таза, табиғаты әдемі. Соның өзі адамға үлкен ой мен тың идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Ауылдағы мұғалімдіктің үш артықшылығын атап өтуге болады. Алдымен жақын қарым-қатынас дер едім. Өйткені мұғалім мен оқушылар ғана емес, ата-аналармен де байланыс тығыз болады. Мұғалім ауылдың бір мүшесі ретінде барлық оқушыны жақсы таниды. Сосын ынтымақ пен құрмет – ауылда мұғалімге деген сыйластық ерекше, себебі ол тек сабақ беруші емес, кеңесші, тәрбиеші, ақылшы ретінде қабылданады. Және жоғарыда атап өткендей тыныш орта. Ауылдың табиғаты мен өмір салты сабырлы, балалар көп алаңдамай, шынайы ықыласпен білім алуға мүмкіндік табады. Ауылдағы мектепте бала саны аз болғандықтан, әр оқушыға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік бар. Ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерге белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған. Ал енді кемшіліктеріне келетін болсақ, бастысы материалдық–техникалық база жетіспеушілігі. Соның салдарынан мұғалімдерге кәсіби тұрғыда дамуға қиындықтар туындайды. Яғни ресурстардың шектеулігі – кейбір ауылдық мектептерде заманауи технологиялар, зертханалық құралдар немесе қосымша білім беру орталықтары жетіспеуі мүмкін. Кадр тапшылығы бар екені де рас. Кейде әртүрлі пәндерді бір мұғалім оқытуға мәжбүр болады, бұл жұмыс жүктемесін арттырады. Осындай олқылықтар кездесіп жатады. Дегенмен өзім қызмет атқаратын Кеңтүбек  ЖОББМ-де төмендегі айтылған мәселелер өз ретімен, оң шешімі табуда.

- Сіздің жарыңыз да ұстаз екенін білеміз. Екі жанның бір мамандықты меңгергені қиын емес пе? Бұл туралы не айтасыз?

WhatsApp Image 2025-02-03 at 10.47.52

- Әрине отбасыда бір мамандық иелері болған артықшылығы да, қиындықтары да бар. Бір салада болғандықтан мақсатымыз ортақ, кәсіби тұрғыда түсіністік таныту қолдау көрсету оңайырақ деп білемін. Ортақ түсіністік – мұғалімдер бір-бірінің жұмысының маңызын жақсы түсінеді, сондықтан олар қиындықтарға сабырлы қарайды және бір-бірін қолдай алады. Мысалы жолдасыммен бірге сабақ жоспарлау, оқушылармен жұмыс, әдістемелік тәсілдерді жетілдіру бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасу мүмкіндігі жоғары. Екеуіміз де мұғалім болғандықтан отбасында балаларымыз тәртіпке, білімге жақын өседі, яғни балаларға тәрбие беру оңайырақ деп ойлаймын. Мектеп өміріне, білім беру жүйесіне қатысты жаңалықтарды бірге талқылап, қызықты идеялармен бөлісуге мүмкіндік бар. Себебі ортақ мүдделеріміз көп. Өйткені егер мұғалімдер арасындағы түсіністік жоғары болса, олар бір-біріне қолдау көрсетіп, отбасылық өмірді де, кәсіби дамуды да үйлесімді ұштастыра алады. Ал егер жұмысты жеке өмірден бөліп қарамаса, кейбір қиындықтар туындауы мүмкін. Ең бастысы – жұмыс пен отбасылық өмірді дұрыс үйлестіру.

- Соңғы уақытта оқушыларыңыз робототехника бойынша үздіктер қатарынан табылып жүр? Робототехникаға оқушылардың қызығушылығы және оның пайдасы қандай?

- Қазіргі танда робототехника оқушылар арасында ең қызықты әрі пайдалы бағыттардың бірі. Робототехника теорияға қарағанда тәжірбие арқылы үйренуді талап етеді. Балалар өз қолдарымен жасаған затарын көріп, олар жетілдіруге ұмтылады. Робототехника бойынша түрлі жарыстар бар, үйірмедегі тәрбиенушілері көптеген жарыстардың жүлдегерлері. Бұл саланын пайдасына келетін болсақ. Жаңа роботтар жасау барысында оқушылар өз идеяларын іске асырады, ерекше шешімдер табуға тырысады. Оқушылар элетроника, механика, бағдарламалау негіздерін меңгереді, бұл оларға болашақта өте пайдалы болмақ. Оқушылардың робототехникаға қызығушылығы заманауи технологияларға әуестік – жаңа технологиялар мен гаджеттерге жақын өскен ұрпақ үшін роботтар жасау, оларды бағдарламалау қызықты әрі өзекті. Робототехникада теориядан гөрі тәжірибеге көбірек сүйенеді, сондықтан оқушылар өз қолымен жасап, бірден нәтижесін көре алады. Инженерия, IT, бағдарламалау салаларына қызығатын оқушылар үшін робототехника алғашқы баспалдақ бола алады. Робототехниканы меңгерген логикалық және сыни ойлауды дамытады – робот жасау барысында оқушылар алгоритм құруды, себеп-салдарлық байланыстарды түсінуді үйренеді. Робот жасау көбіне командалық жұмыс, бұл оқушыларды бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауға, міндеттерді бөлісуге үйретеді. Сонымен қатар схемалар сызу, бөлшектерді жинау, код жазу сияқты дағдылар болашақта үлкен пайдасын тигізеді.

- Қаладағы оқушы мен ауылдағы оқушының айырмасы бар ма?                  

- Қала мен ауылдағы оқушылардың білім алу мүмкіндіктері мен өмір сүру салтына  байланысты белгілі бір айырмашылықтар болуы мүмкін. Бірақ бұл айырмашылықтар оқушының қабілеті мен жетістікке жетуіне кедергі келтірмейді. Заманауи техналогиялар ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтуда. Дегенмен ауылда өсіп, үлкен жетістікке жеткен тұлғалар көп екені барлығына белгілі.

WhatsApp Image 2025-02-03 at 10.47.52 (1)

- Бос уақытыңызды қалай жоспарлайсыз? Бала тәрбиесіндегі басты ұстанымыңыз?

- Бос уақытты дұрыс пайдалану өзінді дамытуға, отбасына көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Барынша балама көңіл бөлуге тырысамын. Жаңа техналогиялармен танысу, оларды зерттеуге көбірек уақыт арнаймын. Бала тәрбиесі де өте үлкен жауапкершілік. Бала айтқан сөзден гөрі, ата-ананың іс –әрекетінен көбірек үйренеді. Сондықтан өзім жақсы әдеттерді көрсетуге тырысамын.

Сұхбаттасқан Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале